Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның озбыр режимінің қудалауынан бас сауғалап теңіз жолымен Инессес аралына үрмелі резеңке қайықта жеткен бірнеше түрік отбасылары Грекиядан саяси баспана сұрады.
ТАСС-тың мәліметіне сүйенсек, дүйсенбіде грек аралының жағалауына жүзіп келген қайықта 17 адам – жеті ер адам, төрт әйел және алты бүлдіршін болған.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған тарапынан 2016 жылдың 15 шілдесіндегі төңкеріс әрекетіненен кейін әділетсіздік пен қудалауға тап болған бұл адамдар – мемлекеттік қызметкерлер мен судьялардың отбасылары. Қазіргі уақытта қудалаудан қашқан отбасы мүшелері босқындарға және мигранттарға арналған орталықтарға тіркеуге жіберілді.
Еске сала кетейік, Түркияда 2016-ның шілдесінде болған төңкеріс әрекетінен кейін төткенше жағдай жарияланып, оның мерзімі бірнеше мәрте ұзартылған болатын. Құқық қорғау органдары 50 мыңнан астам адамды тұтқынға алып, 140 мың мемлекеттік қызметкер қызметінен (жазықсыз) қуылды. Осы кезеңде үкімет тарапынан құқықтық негізі жоқ арнайы шешімдермен 120 мыңға жуық азаматқа қатысты сот ісі басталды.
Бұған дейін әділетсіз қудалаудан бас сауғаламақ болған екі отбасының Эгей теңізі мен Марица өзенінде суға кеткенін kazaknew.kz хабарлаған болатын. Суға кетіп ажал құшқан екі отбасы мүшелерінің қауіпке толы сапарға шығуына 2016 жылдың 15 шілдесінде болған төңкеріс қозғалысы түрткі болған.