Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі болып Пан Наталья Виссарионовна тағайындалды, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Н. Виссарионовна қызметін 2000 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігінің Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінде бастаған. 10 жылдан астам уақыт ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс жасаған. 2012 жылы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары болған.
2016 жылғы 8 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытта дейін Наталья Пан ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары департаментінің директоры болып жұмыс жасады.
Сабина Сайлаубай