Әр мемлекетте демалыс күні қанша

0
307
дереккөзден

Қазақстандықтар 2018 жылы 119 күн демалады. Алдағы Конституция мерекесі және Құрбан айтқа орай тамыз айында жалпы есепте отандастар 10 күн демалады.

дереккөзден

Қазақстан Республикасында атап өтілетін негізгі мереке күндерін есепке алғанда:

ұлттық мереке:

16-17 – желтоқсан – Тәуелсіздік күні;

мемлекеттік мерекелер:

1-2 қаңтар – Жаңа жыл;

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы;

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

9 мамыр – Жеңіс күні;

6 шілде – Астана күні;

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

сондай-ақ,мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество күні де демалыс күндері болып саналады. Жалпы есепте ұлттық және мемлекеттік мейрамдар күнін сондай-ақ, дін аралық татулықтың үлгісі саналатын Құрбан айт және Рождество мейрамдарын қоса алғанда  еңбек демалысы мен жексенбі күндерін есепке алмағанда Қазақстанда 16 күн ресми түрде демалыс бар. Қазақстанда еңбек демалысының ұзақтығы заңға сәйкес 24 күнді құрайды. Жалпы есепте қазақстандықтар ресми түрде жылына 40 күн демалады.  Өзге шет мемлекеттер  жексенбі күндерін есепке алмағанда неше күн демалады? Салыстырып көрелік.

АҚШ/дереккөзден

Мәселен, АҚШ-та еңбек демалысы заңды тұрғыда қарастырылмаған, әр компания, орган өз қызметкерлерінің демалыс күндерін өздері есептеп береді. Сондай-ақ Құрама Штаттарда ресми мереке күндері де заң тұрғысында демалыс күні деп қарастырылмайды.

Ұлыбритания/дереккөзден

Ұлыбританияда ресми мереке күндері – 8, еңбек демалысы – 28 күн. Жалпы есепте британиялықтар жылына ресми түрде 36 күн демалады.

Канада/дереккөзден

Канадалықтар британиялықтардан қарағанда мейлінше аз демалады. Канадада ресми тойланатын мейрамдар саны – 6, еңбек демалысы 10 күнді құрайды. Жалпы есепте канадалықтар ресми түрде жылына 16 күн демалады.

Дания/дереккөзден

Данияда бір қызығы мемлекеттік деңгейде тойланатын мереке күндері жоқ, ал еңбек демалысына 25 күн беріледі.

Аустралия/дереккөзден

Аустралияда мереке күндері – 10, ал еңбек демалысы – 20 күнді құрайды. Жалпы есепте аустриялықтар жылына 30 күн демалады.

Қытай/дереккөзден

Қытай жылына ресми түрде 16 күн демалады. Аспан асты елінде мейрамдар саны – 5, еңбек демалысына 11 күн беріледі.

Германия/дереккөзден

Германияда мейрамдар күні – 9, еңбек демалысы 20 күнді құрайды. Жалпы есепте немістер жылына 29 күн демалады.

Сингапур/дереккөзден

Сингапурлықтар ресми түрде жылына 18 күн демалады, мейрамдар саны – 11, еңбек демалысы 7 күнді құрайды.

Голландия/дереккөзден

Голландия да дәл Даниядағыдай мейрамдар күні жоқ. Ал еңбек демалысына 20 күн беріледі.

Мексика/дереккөзден

Мексикалықтар ресми түрде жылына 12 рет демалады. Еңбек демалысы 5 күнді құраса, мейрамдар күні – 7.

дереккөзден

Француздар ресми түрде жылына 36 күн демалады. Мұнда еңбек демалысына 25 күн беріледі, ал мейрамдар күні – 11.

Үндістан, дереккөзден

Үндістанда мейрамдар саны – 15 күн, еңбек демалысы – 12 күн. Жалпы есепте үнділер жылына 27 күн демалады.

дереккөзден/Испания

Испанияда мейрамдар күні – 11, еңбек демалысына 7 күн беріледі. Жалпы есепте испандықтар жылына 18 күн демалады.

Бразилия/дереккөзден

Бразилия жылына ресми түрде 30 күн демалады. Еңбек демалысы 22 күнді құраса, мейрамдар саны – 8.

Ресей/дереккөзден

Ресейде мейрамдар күні – 12, еңбек демалысына 20 күн беріледі. Жалпы есепте көршілес ресейліктер 32 күн демалады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз