ҚР мен РФ Еңбек министрлігі арасында меморандумға қол қойылды

0
90

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен Ресей Федерациясының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Максим Топилин ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Екіжақты ынтымақтастық жобасы тараптардың халықаралық құқықтық нормалар мен ұлттық заңнамаларына сәйкес ұзақ мерзімді және тұрақты негізде тиімді, әрі тең құқылы, өзара іс-қимылдарға мүдделі екендігімен тығыз байланысты болып отыр.

Бірлескен жобаның мақсаты – әлеуметтік-еңбек саласында достық қарым-қатынастарды дамыту және нығайту.

Біріккен жұмыс жоспары бірнеше бағытты қамтиды. Яғни, тараптар жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілермен өзара алмасуды көздеп отыр. Құжаттың тағы бір маңыздылығы – халықты жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында тәжірибе алмасуға уәкілетті мемлекеттік органдардың ынтымақтастығын арттыру.

Сонымен бірге аталған Меморандум бірлескен кездесулер, консультациялар, ғылыми-практикалық семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізуде екі ел арасындағы қатынасты нығайтуға бағытталған.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, құжат екі мемлекеттің әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру бағытындағы ынтымақтастықтың барлық аспектілерін қамтиды.

Атап өтерлігі, Тамара Дүйсенова мен Максим Топилин ТМД-ға мүше мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік кеңес аясында өзара екіжақты кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Челябинскідегі Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы форумында, қос мемлекетте іске асырылатын кәсіптік стандарттардың дамуын синхрондау мәселесін көтерген болатын. Бұл кездесу Елбасының осы тапсырмасы шеңберінде іске асты.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз