Борис Жапаров Қазақстан Республикасы Президенті архивінің директоры лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Өкімімен зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Борис Әлікенұлы Жапаров Қазақстан Республикасы Президенті архивінің директоры қызметінен босатылды, – деп хабарланады.