ҚР Жоғарғы Сотының судьялары тағайындалды

0
101
ашық дереккөзден алынды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында Гүлмира Жүсіпбекова мен Асқаржан Кенжеғарин ҚР Жоғарғы сотының судьялары болып тағайындалды.

ҚР Жоғарғы сот кеңесінің Төрағасы Анатолий Смолин ҚР Президенті ұсынған кандидатураларды таныстыра отырып, Жүсіпбекова Гүлмира Қоқанқызының Астана қалалық сотында жұмыс істеп келе жатқанын, 19 жылдан аса еңбек өтілі барын атап өтті. Кенжеғарин Асқаржан Қапезұлы – Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі Апелляциялық сотының төрағасы, еңбек өтілі 25 жыл.

«Екеуінің де сот ісінде тәжірибелері мол, Жоғарғы Сот судьяларының өкілеттіліктерін дұрыс орындауға мүмкіндік беретін жоғары біліктілік деңгейіне ие. Жүсіпбекова Гүлмира Қоқанқызы мен Кенжеғарин Асқаржан Қапезұлы Жоғарғы Сот судьясы лауазымына мемлекет басшысымен  ұсынылған, ұсынысты қолдауларыңызды сұраймын», – деп мәлімдеді А. Смолин.

Ашық дауыс беру барысында сенаторлар ұсынылған кандидатураларды бірауыздан қолдады. Сайлаудан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жаңадан сайланған судьялардың ант қабылдау рәсімі өтті.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз