Ресей Сирия бойынша шұғыл отырыс өткізеді

0
83
дереккөзден/Дамаск

Ресей АҚШ пен оның одақтастарының басқындық әрекеттерін талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин Сирияға жасалған шабуылға қатысты мәлімдемесінде айтты.

Кремль таратқан ақпарға сәйкес, қазіргі Сирия аймағындағы экскалация халықаралық қатынастар жүйесіне іріткі салады, деп мәлімдейді Ресей басшысы.


“Үлкен үштік” Сирияда шабуылға көшті
14 сәуірге сенбіге қараған түні АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияға шабуыл жасауға бұйрық бергенін хабарлады. Өз кезегінде, Ұлыбритания премьері Тереза Мэй Сирияға шабуыл жасалғанын растап, аталған жағдай Ұлыбританияның қызығушылықтарына жауап беретіндіктен шабуыл жасау туралы шешімді қабылдағанын мәлім етті. Кейіннен Франция президенті Эмманюэль Макрон әскерилерге Сирияға шабуыл жасау туралы бұйрық бергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, шабуыл Сириядағы химиялық қару-жарақ сақталған нысандарға бағытталады.

Дамаск Батыстың шабуылын айыптауды сұрайды

Cирия Үкіметі халықаралық қоғамдастықтан АҚШ, Ұлыбритания және Францияның зымыран шабуылын айыптауды сұрайды. Бұл туралы Сирия Араб Республикасының Сыртқы істер министрі мәлімдеді.

Путин АҚШ-ты айыптады

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Сирияға шабуыл жасағаннан кейін АҚШ-ты халықаралық құқыты бұзды деп айыптады. Путиннің Кремльде жарияланған мәлімдемесіне сәйкес, Ресей Сирияға жасалған шабуылды қатаң түрде айыптайды, Сирияда ресей әскерилері заңды билікке лаңкестікпен күресте қолғабыс етуде. Өз әрекеттерімен АҚШ Сириядағы гуманитарлық апатты одан сайын шиеленістіре түсуде, бейбіт халыққа зардап шектіруде, жеті жыл бойы халықты мезі еткен лаңкестерді қудалап, аталған аймақтан босқындар санын арттыруда.
Сафина Саид

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз