Шешенстанда Росгвардия офицері төрт қызметтесін атып өлтірді

0
71

Ресейдің Шешенстан республикасында Росгвардияның аға лейтенанты әскери бөлімде төрт қызметтесін атып өлтірді, деп хабарлайды ресейлік БАҚ.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, оқиға 23 қазан күні Шелковская станциясында Мәскеу уақытымен сағат 16:00 шамасында болды. Аға лейтенант казармада төрт әріптесін атып өлтіріп, қарсы атылған оқтан өзі де ажал құшты.

Ал «Коммерсант» газетінде жарияланған ақпаратқа сүйенсек, атқан жігіттің Дағыстан тумасы екені бірқатар заң бұзушылығы үшін жақында қызметінен босатылатынын естігені белгілі болды. Қызметтен босату туралы өтінішхат шығарған офицермен есептескісі келген аға лейтенанттың ішімдік ішіп қару бөлмесінен тапанша-пулемет алғаны анықталды. Аға лейтенанттың жолай өзіне кедергі жасаған взвод командирін атып тастағаны, кейін тапаншаның даусын естіп, жүгіріп келген тағы үш сарбазға оқ жаудырғаны мәлім болды.

Росгвардия офицерлері арасында психологиялық проблемаларға байланысты әріптестерін атып тастау оқиғалары соңғы жылдары жиі естіліп жүр. Өткен жылдың қазан айында Мәскеуде Росгвардияның Сергей Ручкин атты басқа бір қызметкері әріптесін атып тастаған болатын. Ручкин биылғы тамызда 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу кезінде Сергейдің тапаншаны әріптесінің басына тақап тұрып, қасақана атқаны анықталды. Қылмыскер әскери бұл жайтты “жазатайым оқиға” деп бағалайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз