ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 21-22 желтоқсанда өткен Сирия бойынша Астана процесінің нәтижесін мәлім етті.
Министр баяндаған Иран, Ресей және Түркия кепіл елдерінің ортақ мәлімдемесінде Сириядағы лаңкестікке қарсы күрестегі жетістік, атап айтқанда ДАИШ-қа қарсы күрес және Сирия аумағын аталған лаңкестік ұйымнан босату нәтижелілігі аталады.
Кепіл елдер лаңкестік ұйымдарды толығымен жойып, халықаралық лаңкестердің басқа елдер мен аймақтарға ауысуына жол бермеу мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға деген ұмтылысын растайды.
Құжатта сондай-ақ, 2018 жылдың 29-30 қаңтарында Сирия қоғамының барлық мүшелерінің қатысуымен Сочида өтетін Сирия ұлттық диалогы бойынша Конгресті өткізуге қатысты дайындықтағы өзара тығыз байланыс аталады.
«Үштік» Сирия үкіметі өкілдері мен оппозицияны (елдің біртұтастығы, тәуелсіздігі мен бірлігіне, егемендігі мен қол сұғылмаушылығына бейілді) белсенді ынтымақтастыққа шақырды.
Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахмановтың мәлімдеуінше, аталған мақсат үшін кепіл елдер 2018 жылдың 19-20 қаңтарында Сочиде ұлттық Конгрестің алдында арнайы кездесу ұйымдастырады.
Кепіл елдер тұтқындар мен ұрланғандарды босату, мәйіттерді жеткізу, із-түзсіз кеткендерді табу бойынша шешім қабылдайды.
Бұдан өзге кепіл елдер деэскалация аймақтарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және атыс-шабысты тоқтату режиміне бағытталған күш-жігерді нықтаудың қажеттілігін атады.
Атап өтерлігі, Сирия бойынша Астана процесінің 9 раунды 2018 жылдың ақпан айының екінші жартысында өтеді.