Сирияда бірнеше қазақстандық өлім жазасына кесілген – ҰҚК

0
57
дереккөзден

Оқи отырыңыз: Сириядан қайтып оралған қазақстандықтардың жайы не болады?

Сириядағы лаңкестер қолынан қаза тапқан қазақстандықтар туралы ақпарат бар. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік Комитеті департаментінің басшысы Бақытбек Рахымбердиев 10 қаңтар Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында хабарлады.

“Насихатшылар әсіресе шетелдік насихатшылар  біздің елдің азаматтарымен ғаламтор арқылы қарым-қатынас жасаған. Бұл насихат әлеуметтік желілерде де жүрген. Сол аумақта әдемі өмір бар деген ықтимал насихаттар айтылған. Аймақта әділеттілік бар, діни дәстүрлер сақталады деп адамдарды өздеріне тартқан”, – деп мәлімдеді ҰҚК өкілі.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта Сирия, Ирак және Ауғанстандағы соғыс аймағында шамамен 380 қазақстандық бар. Олардың басым көбі әйелдер, олармен 400-500 бала бірге өмір сүруде.

“Олар сол аймаққа барып, ондағы жағдайдың шынымен өздері ойлағандай еместігіне көздері жеткен. Онда мұсылмандар мұсылмандармен соғысуда. Бір лаңкестік топ екіншісімен және тағысын тағы. Аталған аймақтарға табан тірегеннен кейін шығу өте қиын. Қашпақ болғандары үшін өлім жазасына дейін кеседі. Бірқатар Қазақстан азаматтары қашып шықпақ болғандары үшін өлім жазасына кесілді деген ақпар бар”, – деп мәлімдеді Рахымбердиев.


6 қаңтарда Құқық қорғау органдары мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің гуманитарлық операциясы нәтижесінде Қазақстанның 47 азаматы, соның ішінде 30 бала Сирия аумағынан эвакуацияланды. Осыған байланысты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеме жасады. Елге қайтарылған 6 ер адам және 1 әйелге қатысты лаңкестік әрекетке қатысуы ықтимал деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз