Су ресурстары комитетінің басшысы қамауға алынды

0
142
Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамауға алынды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

Сот 16 наурызда шенеунікке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. “Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ислам Әбішевке қатысты 2 айға – 2019 жылдың 14 мамырына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады”, – деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

Шенеунікке қандай айыптар тағылғаны хабарланбай отыр. Айта кетейік, 15 наурызда Ислам Әбішевтің қызметтен шеттетілгені хабарланған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз