Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Денис Теннің өліміне қатысты жайтқа мәлімдеме жасады.
“Бүгін сағат 14.56-да жедел жәрдем қызметіне көшеде белгісіз ер адамның пышақ жарақатын алғандығы туралы хабар келіп түсті, 2 минуттан кейін бригадаға хабар жеткізіліп, 10 минуттан кейін бригада оқиға орнында болды. 11 минуттан кейін Д. Тен жергілікті ауруханаға жеткізілді, жолдан хабар жеткізіліп, хирургтар операцияға дайын отырды”, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі.
Министрдің сөзінше Тенге ауруханаға келе жатқан жолда көмек көрсетілген.
“Қанның көп кетуі, геоморфологиялық шок болғандықтан, ол бірден операцияға жатқызылды, екі сағат бойы құтқаруға тырысты, өкінішке орай мүмкін болмады. Сағат 17.30-да көз жұмды, себеп – пышақ іздері салдарынан көп қан жоғалту”, – деп түсіндірді Е. Біртанов.
Бұған дейін айқын болғандай, көлігінің айнасын қолды етпек болғандардың үстінен түскен Д. Тенді сол сәтте пышақтап кеткен. Оқиға 19 шілдеде Алматыда сағат түскі 3 шамасында Құрманғазы-Бәйсейітов көшелерінің қиылысында орын алды.