Түркістан облысында “браконьер” полицей ұсталды

0
131
Браконьерлерден тәркіленген балықтар.

17 ақпан күні түсте Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Шардара су қоймасында рұқсатсыз балық аулаған учаскелік полицей ұсталды. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова растады.

Салтанат Қаракөзованың айтуынша, Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар Шардара су қоймасында балық аулап жүрген “браконьерді” ұстағанын айтқан. Оқиға орнына жеткен тергеу тобы “баконьердің” Мақтарал аудандық полиция бөлімінің қызметкері екенін анықтап, Қылмыстық кодекстің 335-бабы (“Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу”) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

“Қазір сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайы анықталады. Өз кезегінде полиция департаментінің осы оқиға бойынша қызметтік тексеру бастады” дейді баспасөз қызметінің өкілі.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз