10 қарашаға қараған түні Әзербайжан, Армения және Ресей 44 күнге созылған Таулы Қарабақтағы соғысты аяқтау туралы үшжақты келісімге келді.
Келісімге тікелей эфирде Владимир Путин мен Ильхам Әлиев қол қойды.
Келісімге сәйкес, 2020 жылдың 20 қарашасына дейін Таулы Қарабақтың Газах және Агдам аудандары Әзербайжанға қайтарылады. 15 қарашаға дейін Армения – Кельбаджар ауданын, 1 желтоқсанға дейін Лачин ауданын беруі керек. Бірақ Таулы Қарабақпен байланысын үзбеу үшін Лачин дәлізін (ені 5 км) сақтап қалады. Алайда дәліз Шуша қаласын жанамайды.
Аймақтан Арменияның бүкіл әскерилері шығарылады. Таулы Қарабақ пен Лачин дәлізі түйіскен тұста Ресейдің 1960 бітімгер сарбазы орналасады. Бітімгерлік контингенттің ол аймақта қалу мерзімі 5 жыл және ахуал тұрақтамаса тағы бес жылға созылады.
Босқындардың Таулы Қарабаққа оралуын БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары бақылайды. Одан бөлек, Армения мен Әзербайжан тұтқындар мен қаза тапқан сарбаздардың мәйітін алмасады.