Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Мәскеу түбінде Ан-148 маркалы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланыстыкөңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
«Қаза болғандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.
Еске салсақ, 11 ақпан Мәскеу түбінде Ан-148 маркалы ұшағы апатқа ұшырады. Мәскеуден Орынбор облысы Ор қаласына бағыт алған жолаушылар ұшағында 6 экипаж мүшесін қосқанда 71 адам болған. Алғаш келіп түскен мәліметтерге сүйенсек, әуе көлігінде ешкім тірі қалмаған.