ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева Forbes Қазақстан журналы мен Ratel.kz интернет-басылымының тінту ісіне байланысты пікір білдірді.
Сенат депутаты «Мен не болып жатқанын білмеймін. Алдымен жағдайдың анық-қанығын білу керек. Сондықтан бұған қатысты пікір білдіре алмаймын. Тиісті ақпаратты білген соң, сіздерге хабарын беремін. Біз арнайы пресс-релиз дайындаймыз. Ал қазір тиісті ақпаратты Бас Прокуратурадан сұратамыз. Мен сіздерге барлық ақпаратты жинап, тиісті мәлімет ұсынамын деп уәде беремін», деді.
Еске сала кетейік, Алматы ІІБ қызметкерлері Forbes Қазақстан журналының және Ratel.kz интернет-басылымының редакциясында тінту жүргізген болатын.