Тілсіз қияпат

0
275

Филиппиндегі жойқын “Мангут” тайфунынан қаза тапқандардың саны өсуде. Оңтүстік Шығыс Азияда орналасқаны Филиппин Республикасындағы табиғит апаты салдарынан қаза тапқандардың саны бүгін 65-ке жетті.

Жергілікті полиция қызметкерлерінің мәліметінше, тағы 43 адам іс-түссіз жоғалған. 155 мың адам мемлекеттің қарамағындағы баспаналарда тұруға мәжбүр. 

“Мангут” тайфуны 16 қыркүйекте Филиппиннің бірқатар аумақтарын жалмап, Қытайдың оңтүстік аймағына бет алған. Қытайда табиғи апаттың өршу салдарынан қауіпсіздіктің қызыл деңгейі жарияланды. Бет алысы жойқын тайфуннан Қытайдың Гуандун провинциясында кем дегенде 4 адам қаза тауып,  3 миллионнан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілген.

Табиғаттың бұл тосын құбылысының салдарынан Гонконгтың  300-ден астам ауданына зақым келтірілді. Қазіргі уақытта аймақтағы мектептер мен қызметтік мекемелер және мектептер мен жоғарғы оқу орындары жабық. Қоғамдық көліктердің жұмыстары тоқтатылған.  

Филиппинді жайпап өткен жойқын Мангут тайфун метеорологиялық бақылаулар тарихындағы ең қуатты тропикалық циклон болуы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, тайфундар мен дауылдардың өзгеруіне әсер етеді. Дегенмен, бұл теорияны 100% растауға әлі ерте.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз