Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды

0
102
с источника

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды. Елде наурыз айынан бері коронавирустан 1 725 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Коронавирус инфекциясы 52 адамнан анықталған, 70 адам дерттен жазылып шыққан. Елде жалпы ауырғандар саны 107 775 адам. Жазылғандар саны 102 736 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі

Қазіргі уақытта коронавируспен науқастанған 3 314 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 46 бала бар. Стационарларда 1 827 науқас жатыр. 1 487 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың ішінде 94 адамның ахуалы нашар, 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бір күнде белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 38 адам анықталған. 1 тамыздан бері елде коронавирус пневмониясына шалдыққандар 32 490 адамға жеткен, 350 адам қайтыс болған, жазылып шыққандардың саны 27 057 жетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз