Қ. Тоқаев А. Атамбаевтың кезекті мәлімдемесіне жауап берді

0
78
ашық дереккөзден

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында (Twitter) Қырғызстан президенті А. Атамбаевтың кезекті мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Тұрақты даму жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында Алмазбек Атамбаев Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жағдайды сынға алып, Еуразиялық Экономикалық Одаққа наразылық білдірді.

Атамбаев бизнесті дамыту үшін үлкен нарық қажет екенін,ал Қырғызстан ЕЭО-ға үлкен үмітпен қосылғанын бірақ соған қарамастан республика бір айдан аса уақыт бойы одан аластатылғанын мәлімдеді.

Өз кезегінде, Қ. Тоқаев өзінің әлеуметтік желісінде А. Атамбаевтың мәлімдемесіне қатысты былай үн қатты: «Атамбаевтың кезекті Қазақстанға күйе жағуға мақсатталған сөзі кіршіксіз тату көршілік қарым-қатынасқа зиян келтіреді. Мұндай эмоцияларға үлкен саясатта орын жоқ. Қырғызстанды бұғаттау туралы сөз болған жоқ. Еуразиялық Экономикалық Одақтың талаптарын/нормаларын орындау қажет. Бұл келіссөз жүргізудің құралы».

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз