Тоқаев апатқа ұшыраған тікұшақта қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

0
89
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіне қарасты тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Мен тиісті мемлекеттік органдарға тікұшақ апатының себептерін зерттеп, қаза тапқандардың отбасына қажетті көмек көрсетуді тапсырдым», – делінген көңіл айту мәтінінде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз