Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-сұлтан қаласындағы “Астана арена” стадионында футболдан 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің матчына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысы ЕУРО-2020 турнирінің іріктеу кезеңі аясында өткен Қазақстан мен Ресей ұлттық құрамалары арасындағы футбол матчын көрді.
Екі команда арасындағы матч қорытындысы бойынша Ресей құрамасы жеңіске жетті.