ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалған Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жаңа лауазымына қатысты пікір білдірді.
Ағымдағы жылдың алғашқы Сенат отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев
«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының жарлығымен Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты қызметіне тағайындалды. Мұхтар Абрарұлы жоғары мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген көрнекті саяси және қоғам қайраткері. Ол екінші шақырылған депутат болды. Сенаттың қызметіне өз үлесін қосатынына сенімдімін»
деді
Сенат төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің халықаралық қатынастар мен қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеуге ниетті екенін қоса кетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Мұхтар Құл-Мұхаммад 2018 жылдың бірінші ақпанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Жадыра Аманбайқызы