Төрт орыс дипломаты Германиядан шығарылды

0
118
Ресейдің Берлиндегі елшілігі/ dpa

Төрт орыс дипломаты Германия аумағынан кетті. Аталған ақпаратты 2 сәуірде Германия Федеративті Республикасының Сыртқы істер министрлігі  (СІМ) сондай-ақ Берлиндегі Ресей Федерациясының елшілігі растады.

Ресей дипломатиялық өкілдігінің бірінші хатшысы Денис Микерин орыс дипломаттардың Германия аумағынан өткен жексенбіде кеткендігін мәлімдеді. Ел аумағынан кету мерзімін неміс тарабы белгілеген.

Германия аумағынан орыс дипломаттарының кетуі соңғы он жылда алғаш рет орын алған оқиға.

Ресей тарабы да Германияға қатысты айқын шаралар қолданды. Dpa таратқан ақпарға сәйкес, Мәскеудегі Германия елшілігінің әскери және әскери-әуе атташесі, федералдық полиция және Германияның федералды барлау қызметкерлері Ресейдің аумағынан 6 сәуірге дейін кетуі керек. Атап айтқанда, төрт неміс ресми өкілі ел аумағынан кетуі шарт.


Басты барлау қызметінің бұрынғы офицері Сергей Скрипаль және оның қызы Юлия Скрипаль уланғаннан кейін Ұлыбританиядан өзге 30 мемлекет Ресей дипломаттарын отанына қайтарды. Оның құрамында Германия да бар. Германия СІМ Ресейдің төрт дипломатын еліне қайтару туралы шешімді диломатиялық қатынастарға қатысты Вена конвенциясына сәйкес, олардың «арнайы жасақтармен байланысының» болуымен түсіндірді. Ресей қайтарылған елшілердің орнына басқа жаңа елшілерді тағайындай алады ма деген сұраққа Германия өкілі оң жауап қайырды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз