Қырғызстан азық-түлік шектеуіне байланысты Астанаға делегация жібереді

0
72
дереккөзден

Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Мұхаммедқалы Әбілғазиев Қазақстанның врио премьер-министрі Асқар Мәминмен үкіметаралық қырғыз-қазақ келіссөздерінің өткізуге келісті. Бұл туралы Қырғызстан үкімет басшысының ресми сайтында хабарланады.

“Үкімет басшылары қырғыз ауыл шаруашылық өнімдерінің Қазақстан нарығында қол жетімділігінің шектелуіне баса назар аударды. Аталған мәселені екі тарапқа да ұтымды шешу жолдары қарастырылды”, – деп хабарланады.

Мәселені шешу үшін Қырғызстан Астанаға арнайы делегация жібереді. 19 ақпанда Қазақстан Қырғызстан мен Өзбекстаннан бірқатар өнім түрлерін әкелуге шектеу қойған еді.

“Қырғызстан Республикасынан азық-түлік және тұқымдас картоп, алма, құрма, ал Өзбекстан Республикасы аумағынан анар әкелуге шектеу қойылады”, – деп хабарланды.

Уақытша шектеу шаралары аталған елдердің карантин өнімдерінен соңғы уақытта түрлі зинякестердің табылуына байланысты қолға алынды. Өз кезегінде Қырғызстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі картоп пен алманы Қазақстан Республикасына әкелуге байланысты шектеуді негізсіз деп атады. Ведомоства шектеу шаралары бүкіл республика аумағында жүзеге аспауы керек деп есептейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз