Қытайда қазақстандық студент көз жұмды

0
76
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ғимараты.

Қытайдың Чанчжоу қаласында қазақстандық студент Сандира Серікханова көз жұмды. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады. 

“Оқиғаның болғанын растаймын. Толыққанды ақпарат ертең өтетін брифингте айтылады. Әзірге қыздың расымен Қытайда көз жұмғаны белгілі”, – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияр.

БАҚ-тан белгілі болғандай, 20 жастағы Сандира Серікханова Jiangsu University of Technology атты білім ордасында 3 курста оқыған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз