Қытайда тұтқындалған қазақстандыққа қатысты СІМ мәлімдеме жасады

0
76
дереккөзден

Ақпанның соңында Ханчжоуда қытай полициясы есірткі сатты деген күдікпен Қазақстан азаматын тұтқындаған еді. 11 наурыз сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Қытайда ұсталған қазақстандық студент Юлия Ходеваның жағдайына қатысты мәселені мәлімдеді.

“27 ақпанда Қытайдың құқық қорғау органдары есірткі заттарын сақтады және таратты деген күдікпен қазақстандық Юлия Ходеваны тұтқындады. 28 ақпанда біздің консул Ю.Ходевамен телефон арқылы сөйлесіп, алғашқы күннен-ақ бұл мәселе біздің Шанхайдағы мемлекеттік елшілігіміз арқылы ерекше назарға алынды. Ата-анасымен бірден байланыс орнатылды. Олармен қыздың тұтқындалғандығы және әрі қарай не істеу керектігі айқындалды “, – деп мәлімдеді Смадияров.

Оның сөзінше бүгін ҚХР азаматы-адвокатпен алғашқы кездесу өткен, адвокатты Юлияның ата-анасы жалдаған.

Аптаның соңына дейін консулдың жеке кездесуін ұйымдастыру және уақытша ұстау абақтысына бару жоспарланып отыр (…). Қытай заңдарына сәйкес адвокат Қытай Халық Республикасының азаматы болуы тиіс. Біз тек консулдық-құқықтық көмек көрсетіп, тұтқындағы жағдайды тексереміз”, – деді Смадияров.

СІМ ресми өкілі Ходеваның ата-анасы Қазақстанда екенін атап өтті. Тергеудің жай-күйі жария етілмейді. Қазақстандықтың кінәсі дәлелденсе, қандай үкім кесілетініне қатысты Смадияров былай дейді:

“Бұл одан есірткінің қанша көлемі тәркіленгеніне байланысты (…). Ходеваның Қытайдың Ханчжоу қаласында болғанына алты жыл толған. Оқуын аяқтауға аз қалған еді. Бірақ өкінішке орай Ходева консулдық есепте тұрмаған, консулдық қызметкерлері оның Ханчжоуда оқығанын білмеген. Шетелде білім алып жатқандарды тез арада өз еріктерімен консулдық есепке тұруға шақырамыз”, – деді СІМ өкілі.

25 жастағы Юлия Ходеваны 28 ақпанда Қытай полициясы тұтқындаған еді. Анасы Оксана Ходеваның айтуынша қызы Қытайдың Хуанчжоу қаласында Технологиялық университетте білім алуда, диплом алуына екі ай қалған.

“Юлиядан өзге тағы екі егіз қызым Қытайда білім алуда. 28 ақпанда полиция тексеріп келген. Юлия сіңілілерінің бөлмесінде болған, қызды оқиғаның мән-жайын анықтаймыз деп алып кеткен. Келесі күні елшілік қызымыз есіртік таратты деген күдікпен қамауға алынғанын хабарлады. Бірақ бір қағаз, дәлел ұсынбады. Тек адвокатқа ақша дайындауымыз қажеттігін ғана айтты. 500 мыңнан 1 миллонға дейінгі сомада”, – деді Ю.Ходеваның анасы.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз