Қытайдан Қазақстанға заңсыз кіргізілген тауар тәркіленді

0
130

Қазақстанға ірі көлемде ақпарат тасымалдаушы мен гаджет әкелмек болғандар ұсталды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тасымалдаушылар тауарын көрсетілген нысанда декларацияламаған. Осылайша ірі көлемдегі гаджеттер мен олардың қосалқы бұйымдарын елге әкелу фактісін жасырған. Тауар  “Rapiscan” сканері арқылы тексеру барысында анықталған.

Заңсыз тауар “Қорғас” ШЫХО кеден бекетінде ҚР ҰҚК ШҚ 2088 ә/б және Алматы облысы бойынша ЭТД қызметкерлерімен бірлесіп ҚХР-дан ҚР-ға шығу кезінде қолға түскен.

Тәркіленген заттар:

  • Электронды темекі.  “Cavallo” маркалы сигарет саны 80 блок (16 000 дана сигарет), “Mond” маркалы сигарет саны 90 блок (18 000 дана сигарет) және “Milano” маркалы сигарет саны 575 блок (115 000 дана сигарет). Тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы саны 103 кг, жалпы салмағы 745 блок (149 000 дана темекі).

  • Жалпы салмағы 16 кг 148 дана түрлі модельдер мен маркалы ұялы телефон.

  • USB жинақтағыш. “Флешка” саны 6 245 дана, жалпы салмағы 87,43 кг, оның ішінде:
  1. 1ГБ-1520 дана,
  2. 2ГБ-1480 дана,
  3. 4ГБ-995 дана,
  4. 8ГБ-1000 дана,
  5. 16ГБ-1000 дана,
  6. 32ГБ-250 дана.

  • Жалпы салмағы 13,68 кг 199 дана GSM модуліне микросхема.

  • 42 дана бейнетіркегіштер, жалпы салмағы 25 кг.

  • Жалпы салмағы 112,5 кг болатын қытай дәрі-дәрмегі.

Қазіргі уақытта ұсталған тауар УСҚ-ға орналастырылған. Ресми өкілдердің хабарлауынша, тауардың кедендік құны анықталып, барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз