Өзбекстанда Қазақстанның 3 азаматы қайтыс болды

0
148

Өзбекстанның Науаи облысында болған ірі жол-көлік апаты салдарынан Қазақстанның үш азаматы көз жұмды. Бұл туралы ҚР CІМ баспасөз қызметі хабарлады.  

“2019 жылдың 3 тамызында Науаи облысы Нұратин ауданындағы “Нұрата-Жизақ-Фариш” автожолының 136-шақырымында “Нексия” автокөлігі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, “Исузу” жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл автокөлікте жүргізушімен бірге 7 адам отырған. Оның екеуі бала”, – делінген ҚР СІМ хабарламасында.

“ҚР-ның тағы үш азаматы айтарлықтай жарақат алып, Нұратин ауданының Медициналық мекемесінің жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір есін білгенімен жағдайлары ауыр”, – деді ведомстводан.

“Қазақстандық дипломаттар зардап шеккен азаматтар мен олардың туған-туыстарына барынша көмек көрсетіп жатыр. Көз жұмған және зардап шеккен ҚР азаматтарының бәрі де Өзбекстаннан көшіп келген азаматтар. Бәрі бір-біріне туыс. Осыған байланысты туған-туыстары ажал құшқандарды Өзбекстан аумағына жерлеу туралы шешім қабылдап отыр”, – деді ҚР СІМ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз