Сәнгер, Ким Кардашьянның сіңілісі Кайли Дженнердің 2018 жылдың ақпанында Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған фотосуреті бірнеше күннің ішінде 15 миллион like жинады.Сондай-ақ, аталған әлеуметтік желідегі танымал жазбалар қатарына Джастин Бибердің Хейли Болдуинмен некелесуі (шамамен 13,3 млн), XXX Tentacion көз жұмбай тұрып жариялаған жазбасы (13,3 млн-нан аса) кірген еді. Алайда қаңтардың бесінде тізбеге тек жалғыз жұмыртқаның суреті ғана қойылған @world_record_egg атты аккаунт пайда болды.
Бірнеше күннің ішінде қарапайым жұмыртқаның суреті миллиондаған like жинап, ең танымал фотосуретке айналды. Аккаунттың иесі әлдекім барша жаһан жұртына инстаграм тарихында рекорд жаңарту қажеттігін, әрі Кайли Дженнердің ұстап тұрған рекордын бұзуды ұсынып, шағын жазба қалдырған. Әлбетте, бұл идея адамдарға бірден ұнады, 13 қаңтарда жұмыртқа 13 миллион like иеленсе, 14 қаңтарда инстаграм тарихында жаңа рекорд орнады. Жұмыртқа рекорд жаңартты! Дегенмен, бұл жұмыртқа жаңартқан алғашқы рекорд емес. Өткенге көз жүгіртсек, “egg records” баршылық.
1971 жылдың 23 сәуірінде Траубридж бен Ұлыбританияда екі ас үй қызметшілері Гарольд Уиткомб пен Джеральд Хардинг 7,25 сағат ішінде 1050 дюжина (он екіге тең біртекті заттардың есебі) піскен жұмыртқаны аршып үлгерген. Алайда қос рекорд жаңартушы зағип еді. Ал 1910 жылы АҚШ-та белгісіз ер адам бір сәтте 114 жұмыртқан құлғытқан. Қазіргі заманның рекорд жаңартушысы Соня Томас 6 минут 40 секундта 65 жұмыртқаны жеп үлгерді. Ал Венгрияда 300 келілік жұмыртқа қуырылды, оған 5 мың жұмыртқа кеткен. Ал әлемдегі ең үлкен омлеттті Мадридте Карл Фернандез есімді аспаз дайындаған. Омлет 5000 жұмыртқадан жасалған, салмағы 599 келіні құрады. Әлемдегі ең ауыр жұмыртқа бұған дейін Кубада басылған, салмағы 148 граммды құрады. Жұмыртқаның түрі матрешкаға ұқсаған деседі, себебі ішінде тағы сәл кішірек жұмыртқа болған. Дегенмен, Кубаны Беларусия басып озды. Беларусиядағы “Красноармейская” атты құс фабрикасындағы тауық 160 грамдық жұмыртқа басып шығарған. Ал әлемдегі ең кішкентай жұмыртқаны Папуа-Жаңа Гвинея тауығы басып шығарған, ол бар жоғы 9,743 грамды құраған.
Ұлыбританиялық Дейл Лайонс 1990 жылы 4 сағат 18 минут ішінде десерт қасығында жұмыртқаны ұстап тұрып, 48,1 шақырым жүгіріп шыққан.
Ал әлемде Пасха мерекесіне орай әспеттеліп, боялатын жұмыртқаның ең үлкен тас мүсіні Канаданың Вегревилле қаласында орнатылған. Оның көлемі 7 метр 83 сантиметрді құрайды.
Жаһанда жылына 567 миллиард тауық жұмыртқасы қолданылады екен. Мұндай деректі erudit-media ұсынады. Әлемдік жұмыртқа күні қазанның екінші жұма күні атап өтіледі. Ең ірі жұмыртқаны түйеқұс басып шығарса, тауықтар құстардың ішінде жаһанда ең көп таралғаны болып саналады.
Айтпақшы, жоғарыда аталған “жұмыртқа жаңартқан” рекордтар тізбесіне Instagram әлеуметтік желісіне жүктеліп, миллиондаған like жинаған жұмыртқа да кіреді. Қазіргі уақытта жұмыртқа 47 миллион 1571 like-қа ие болды.
Safina Ahtay