Жүздеген омбылық қазақ тарихи отанына оралуда

0
77

Омбылық танымал сәнгер Ермек Хапизов Омбыдағы қазақтардың тарихи отанына жиі кетіп  жатқанын мәлімдеді. Қазақстанда олар отбасын құрып, жұмысқа орналасады. Ермектің айтуынша, мұндай жағдайлар көптеп орын алуда. Олар Сібірде қалған жерлестерін осы әрекеттерімен шабыттандырады.

Омбыдағы қазақтың жүрекжарды әңгімесі Ресейдегі Қазақстан елшілігінің ресми сайтында жарияланды.

«Астанаға келіп, Қазақстанның елорда салу қарқынына таң қаламын Елорданың серпінді дамуымен қатар бүкіл ел де бүгінгі күні дамып келеді. Ресейлік қазақтар осы оң өзгерістерді көріп отырады, жыл сайын тек Омбы облысының өзінен жүздеген жас Қазақстанға оралуда. Олар мұнда білім алып, жақсы жұмыс тауып, отбасын құрады. Мұндай мысалдарды жүздеп келтіруге болады. Олардың бәрі омбылық Ертіс өңіріндегі қазақ жастарын тарихи отанына оралуға шабыттандырады. Қазақстанның әр жетістігіне біз шын пейілімізбен қуанамыз», – деп келтіреді Хапизовтың сөзін ҚР елшілігі.

Бұл сөздер Астанадағы EXPO-2017 көрмесінің барысында айтылды, онда Хапизов белсенді қатысып, ресейлік павильондағы делегация мүшелерінің киім стилін әзірледі.

Атап өтсек, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова көші-қон аймақтарына қарамастан этникалық қазақтарға бір жыл оралман мәртебесі берілетінін атады. Азаматтықты алу мерзімі төрт жылдан бір жылға дейін қысқартылды. Өткен жылы елге 16,5 мың оралман отбасы көшіп келген, бұл 2015 жылға қарағанда 8 есе көп.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз