Жалған анықтама жасаған дәрігерлер ұсталды

0
170

Астанада жалған еңбекке жарамсыздық қағазын жасаған дәрігерлер ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық полиция басқармасы хабарлады. 

Департаменттің хабарлауынша, қалалық емхананың медбикесі мен дәрігері жалған еңбекке жарамсыздық қағазының бір күні үшін 2500 теңге алған. Дәрігерлермен бірге осы іске делдал болған қала тұрғыны да ұсталған.

Полиция емханадан оқиғаға қатысты барлық құжаттарды тәркілеген. Қазір осы іске қатысты тергеу басталған.

Еңбекке жарамсыздық қағазы – қызметкер не жұмысшы ауырып қалғанда дәрігерлер ашатын парақ. Бұл парақпен жұмыс беруші жұмысшыға жәрдемақы төлеуі міндет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз