Жас қырғызстандықтар Н. Назарбаев пен А. Атамбаевты ауызбіршілікке шақырды

0
111
ашық дереккөзден

Қырғызстанның фольклорлық ансамблі «Ибарат» қырғыз аспаптарында қазақтың танымал күйі Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауын» орындады. Бішкектегі флешмобты балалар сейсенбі күні таңертең троллейбуста жасаған.

ашық дереккөзден, zakon.kz

Балалар өнер мектебінің ұстазы Толгоной Осмоновоның айтуынша, композиция кездейсоқ таңдалмаған: бұл Қырғызстан мен Қазақстан Президенттерін ауызбіршілікке шақырудың бір көрінісі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қырғыз бен қазақ халқы бірлікте болып, саяси мәселелерге байланысты бөлінбеуі қажет. Біздің мәдениетіміз, дәстүріміз ортақ. Біз екі халықтың әрдайым достық қатынаста болғанын қалаймыз», – деді Осмонова.

Атап өтерлігі, Қазақстан мен Қырғызстан қарым-қатынасы Қырғызстан республикасындағы президент сайлауы қарсаңында күрделене түсті. Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан елдің ішкі саясатына араласты деп мәлімдеді. Бұған себеп Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстан Республикасы президенттгіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездесуі болды.

 

 

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз