Н.Назарбаев «Rothschild & Co» компаниясының басшыларымен кездесті

0
83

Мемлекет басшысы «Rothschild & Co» компаниясының басшылары  Эрик де Ротшильд, Клаус Мангольдпен және Джованни Салветтимен кездесті, деп хабарлайды akorda.kz.

Кездесу барысында Елбасы «Rothschild & Co» компаниясының қаржы секторындағы мол тәжірибиесі мен компанияның халықаралық беделінің биік екенін атап өтті.

«Ротшильд» компаниясы – әлемдегі ең көне және ең ірі қаржы институттарының бірі. Сіздер жеке инвестициялармен жұмыс жасау барысында мол тәжірибиеге иесіздер. Бұл тәжірибе біздің еліміз үшін маңызды, сондықтан сіз қазір Қазақстан Ұлттық банкіне кеңес беріп жатырсыз », – деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде, Эрик де Ротшильд Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның серпінді дамуына өзінің таңданысын білдіре отырып, өзімен кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіре отырып, «Бұл менің Қазақстанға жасаған алғашқы сапарым. Соңғы екі күнде алған әсерім өте тамаша. Сіздің арқаңызда болашақта еліңіз жоғары қарқынмен дамитын болады. Қазақстан географиялық тұрғыдан ұтымды жерде орналасқан. Ол Азия мен Еуропа арасындағы көпір болып саналады. Сіздің экономиканы әртараптандыруға, өнеркәсіпті дамытуға және шикізаттық экономикадан бас тартуға жетелеген үрдістерді айқындай алған көреген қадамыңыз мені тәнті етті, – деді компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Эрик де Ротшильд”, деді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз