Алматы ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалаларының қатарына қосылды

0
217

БҰҰ жаңалықтар орталығының мәліметінше Алматы қаласы әлемнің 64 қаласы қосылған ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалаларының желісіне қосылды, деп хабарлайды Сa-news.

Мысалы, музыкалық дәстүрлерімен танымал болған итальяндық Пезаро қаласы, Норвегиялық Лиллехаммер қаласы – әдебиет саласындағы жетістіктерімен, францияның Лимож қаласы сәндік-қолданбалы өнермен, американдық Сан-Антонио қаласы – аспаздық өнерімен танымал.

Алматы музыкалық шығармашылық саласымен ерекшеленетін болса,  Әзірбайжан Шеки қаласы сәндік-қолданбалы өнерге және халық шығармашылығына назар аудартады.

ЮНЕСКО желісі 2004 жылы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының шығармашылық әлеуетін пайдалану үшін құрылған. Географиясы жүйелі түрде кеңейіп келеді.

Жоба аясында қатысушылар өз тәжірибесімен бөлісіп, ақпарат алмасуға мүмкіндіктері бар. Шығармашылық қалалар желісінің кезекті жыл сайынғы кездесуі 2018 жылы Польшаның Краков және Катовице қалаларында өтеді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз