Владислав Челах құқығы бұзылды деп мемлекеттен өзіне 30 миллион теңге көлемінде өтемақы өтеуді, үкімді алып тастауды, сондай-ақ, істі қосымша тергеуге жіберуді сұраған еді.
“ҚР Жоғары соты қылмыстық істер бойынша сот коллегиясы жаппай өлім үшін өмірбақи бас бостандығынан айыру туралы Владислав Челахқа кесілген жазаны еш өзгеріссіз қалдырды, ресми өтінішін қанағаттандырмады”, – деп мәлімдеді сот шешімін судья.
Челах өз ісін Жоғары соттың кассациялық инстанциясында қарауды сұраған еді. Ол өмірбақи бас бостандығынан айыру жазасын алып тастауды, құқығының бұзылғанын алға тартып, 30 миллион доллар көлемінде өтемақы алуды, әрі істі қосымша тергеуге жіберуді сұрады. Челах өзіне қатысты БҰҰ Комитеті Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабы бұзылды деген шешіміне арқа сүйеген еді.
“Арқанкерген” уақытша шекара бекетінде 2012 жылдың мамырында 15 шекарашы қаза тапты. Бекет байланысқа шықпай қалғаннан кейін, басқа шекарашылардан тұратын жасақ оқиға орнына аттанады. Оқиға орнына келген шекарашылар казарма ғимаратының өртенгенін, ал ғимараттың ішінде 14 қаза тапқан шекарашының мәйіті жатқанын көреді. Жақын маңдағы үйшіктен инспектордың мәйіті табылған. Бірнеше күн өткеннен кейін жалғыз тірі қалған шекарашы 19 жастағы қатардағы сарбаз Челах ұсталды. Бастапқыда Челах шекарашылар мен инспекторды өлтіргенін мойындап, кейіннен айтанынан бас тартып, мойындауға мәжбүр болғанын, қысым көрсетілгенен алға тартты. 2012 жылы қылмыстық істер бойынша ауданаралық арнайы әскери соты Челахты өмірбақи бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.
Safina Said