“Зорлық-зомбылық жасаған қылмыскерлер басқа сотталушылардан бөлек ұсталады”

0
72
дереккөзден

19 қарашада Ішкі істер органдарының қызметін жаңғырту мәселелеріне арналған кеңес өткізген мемлекет басшысы полиция қызметін ғана емес, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің басқа да құрылымдарын реформалау қажеттігін айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қылмыстық-атқару жүйесіне де маңызды өзгерістер енгізілетін болады. Зорлық-зомбылық жасаған қылмыскерлер басқа сотталушылардан бөлек ұсталады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейін мейлінше төмендету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Адамдар өз болашағына алаңдамауға, қауіпсіздігі мемлекет тарапынан қорғалатынына сенімді болуға тиіс. Азаматтардың жеке басы мен мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор. Полиция жұмысы тиімділігінің негізгі критерийінің мәні осында, – деді мемлекет басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз