Алматы облысының Ұзынағаш кентінде орналасқан 28237 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жатқан сарбаз қайтыс болды. Ұлттық ұлан “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қатардағы сарбаз Ұласбек Қожан 23 қаңтар күні күнде қарауыл қызметінде тұрып, өз қаруымен “өз-өзін басынан атып жараланып,” қайтыс болған.
Сарбаз қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуге 2018 жылдың маусымында Астана қаласынан шақыртылған.
Өңірлік қолбасшылық қазір бұл факті тіркеліп, әскери тергеу басқармасы сарбаздың “өз-өзін ату” себептерін анықтап жатқанын айтады.