Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты МҰҚК тергеу изоляторынан колонияға ауыстырды. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.
“Алмазбектің колонияға ауыстырылатыны туралы ешкім білмеді. 31 желтоқсанда маған және балаларым Қадыр мен Әлияға кездесуге рұқсат берді. Әрине, колонияда жағдайы жақсы, ол жерде ең болмағанда таза ауа жұтуға шығып, басқа адамдармен сөйлесе алады. Алып жатқан емін колонияға ауысу барысында тоқтатуға тура келді. Оның қан қысымы төмен, тіпті қатты суық тиген. Біз оған ыстық тамақ пен жылы киім апардық,” – деді әйелі Раиса Атамбаева.
Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде 2019 жылғы 7-8 тамызда Қой-Таш ауылындағы тәртіпсіздіктер, сыбайлас жемқорлық және заңсыз кірістер фактілері қамтылған.