ДСМ: Өткен тәулікте 723 адам коронавирус жұқтырды

0
150
Photo: pricom.kz

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұққаны тестпен расталған 723 адам анықталды, 7 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Covid-тен – 3 адам, коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 5 қаңтар күні хабарлады.

Дүйсенбі күні Атырау облысында – 149, Алматы қаласында – 92, Нұр-Сұлтанда – 68, Ақмола облысында – 59, Қостанай облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында – 57 адам, Павлодар облысында 40 адамнан коронавирус анықталды.

Наурыз айынан бері 158 302 адамның ПТР-тесті оң шыққан: 145 194-і жазылған. 2 339-ы қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігі белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас болғанымен, ауру лаборатория арқылы расталмаған пневмониямен ауырғандардың статистикасын былтырғы 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Оған дейін бұл аурумен қанша адам ауырғаны белгісіз. Содан бергі кезеңде мұндай пневмониямен 45 991 адам тіркелді, 513 науқас қайтыс болды.

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырған 85,6 миллион адам тіркелген. 48 миллион кісі бұл дерттен жазылып шықса, 1 млн 851 мың адам көз жұмған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз