Түркменстанда жолаушылар пойызының қозғалысы 1 ақпанға дейін шектелді

0
231
Photo: centralasia.media

Түрікменстанда жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында теміржол қозғалысына енгізілген шектеулер 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартылды. Бұл туралы “Демиреллары” АҚ сайты хабарлады. 

“Жолаушылар пойызының қозғалысын 2021 жылдың 1 ақпанына дейін тоқтата тұру туралы хабарлаймыз”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін шектеу 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін енгізілген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз