Ашхабадта “Орталық Азия – Ресей” форумы өтті

0
269
Жиындағы Қазақстан делегациясы. Photo: Facebook/MaulenAshimbayev

13 мамырда Түркменстан астанасы Ашғабадта “Орталық Азия – Ресей” парламент басшыларының форумы өтті. Жиынға Түрікменстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан парламент басшылары қатысты.

Қазақстан Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы реформаны таныстырды.

“Конституциялық өзгеріс – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға арналған”,-деді Мәулен Әшімбаев.  

Ол жыл аяғына дейін 20-дан аса заң қабылдау көзделіп отырғанын жеткізді.

Қазақстан сенатының спикері геосаяси ахуал шиеленісіп тұрған кезеңде парламентаралық ынтымақтың маңыздылығына тоқталды. Орталық Азияның бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу өңірі болуына бәрі мүдделі. Бірақ, Ауғанстандағы жағдай – есірткі трафигі, шекара маңындағы келеңсіздіктер, су ресурстарының шектеулігі мен экологияға байланысты бірқатар өзекті мәселе жоқ емес.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз