Ұлағатты ұстаз Юсуф Яйладжы дүниеден өтті

0
8,676
Юсуф Яйладжы.

14 мамырда Қазақстанның білім саласында 30 жылға жуық еңбек еткен ұлағатты ұстаз Юсуф Яйладжы бақилық болды. 

Юсуф Яйладжы Қазақстанға 1993 жылы ең алғаш рет Қарағанды қазақ-түрік лицейі ашылған кезде келген. Ағартушы ұстаз сол уақыттан бері көптеген шәкірт тәрбиелеп, қазақ балаларының зейінін ашты. Біраз жыл барлық қазақ-түрік лицейлерінің ағылшын тілі бойынша бас әдіскері болып қызмет атқарды.

Сулейман Демирел атындағы университеттегі жұмысы 2006 жылы Филология факультетінің деканы қызметінен басталды. Юсуф мырзаның қол астында СДУ-дың Филология факультеті қарқынды түрде дамыды, жетістіктерге жеткен.

“30 жылға жуық уақыт Қазақстанның білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Юсуф мырзаның елімізге, 15 жылда университетімізге сіңірген зор еңбегін бағалап, құрметтейміз. Отбасына , жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Орны толмас қазаның арты қайырлы болсын”, – деп жазды СДУ баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасына.

Ұстаз кейінгі 1,5 жылда ауыр сырқаттанып ем қабылдап жүрген. 5 сәуірде ем алу үшін Германияға аттанған еді.

Қазақньюс ақпарат агенттігі ұстаз Юсуф Яйладжының отбасына қайғыра көңіл айтады…

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз