Қазақстан мен Өзбекстан Түркістанда тоқыма фабрикасын ашты

0
190
Photo: primeminister.kz

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан үкіметінің басшысы Абдулла Арипов Түркістан қаласында тоқыма бұйымдарын өндіретін  “Turkistan Textile” қазақ-өзбек бірлескен кәсіпорнының ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады. 

Тоқыма фабрикасы “Turkistan” индустриялық аймағында 2 га аумақта орналасқан. Инвестиция көлемі – 700 млн теңге.

Өндірістің жобалық қуаты – айына 13 мың тоқыма бұйымдарын өндіруге қауқарлы.

Кәсіпорында ерекше қажеттілігі бар жандар үшін мыңнан аса жаңа жұмыс орны бар.

Өзбекстан — Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 21,2%-ға – $4,5 млрд-қа дейін өскен. Тараптар тауар айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізуді көздеп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз