Әкімдік кафедегі жарылыстан қаза тапқан әйелдің отбасына миллион теңге бермек

0
130

Астананың Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы кафедегі жарылыстан қаза тапқан әйелдің туыстарына 1 миллион теңге қаржылай көмектесетінін хабарлады.

52 жастағы марқұм әйел Қызылорда тумасы. Ол жарылыс болған кафеде ыдыс жуушы болып жұмыс жасаған. Енді әкімдік оның туыстарына қаржылай көмек көрсететінін және Қызылорда қаласына жеткізіп, қажетті құжаттарын алып беретінін мәлімдеді.

Еске салайық, 21 қараша күні түстен кейін Нұр-Сұлтан кафелерінің бірінде газ баллоны жарылып бір адам оқиға орнында алған жарақатынан көз жұмған. Тағы 23 адам әртүрлі дәрежедегі күйіктермен ауруханаға жеткізілген. Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын анықтауда. Елорда әкімі төтенше жағдайлар министрлігі мен полицияға қаладағы басқа қоғамдық тамақтану орындарының өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз