Тоқаев ҰҚШҰ елдері басшыларымен Ауғанстандағы жағдай мен өңірдегі қауіпсіздікті талқылады

0
173
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында сөйлеп отыр. Photo: Akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты. Бұл туралы дүйсенбі күні Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

“Қазақстан президенті өз сөзінде барлық сын-қатерлерді, соның ішінде терроризм мен экстремизмнің таралуы, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз саудасының артуы, заңсыз көші-қон, босқындардың жаппай қозғалысы, аймаққа деструктивті элементтердің енуі секілді мәселелерді кешенді түрде қарастыру керек екеніне назар аударды”, – делінген Ақорда сайты таратқан ақпаратта.

Тоқаев ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және Ұйымның шұғыл әрекет етуіне  бағытталған бірқатар ұсыныс айтқан.

Сонымен қатар жиында мемлекет басшылары Ауғанстандағы жағдай және оның Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне тигізер әсері туралы пікір алмасқан. Сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы сын-қатерлердің алдын алуға бағытталған іс-қимылдарды талқылаған.

ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті сессиясы 16 қыркүйекте Душанбеде өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз