ЖОО-ға құжат тапсыру мерзімі ұзартылды

0
262
Студенттер.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды. Мұндай шешімді білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті қабылдады.

“Талапкерлеріміз үшін бұл жақсы жаңалық деп санаймын. Бұл ретте құжат қабылдау мерзімдерін ұзарту бойынша келіп түскен өтініштер саны ескерілді. Білім беру гранттарының иегерлеріне де, ақылы негізде оқуды жоспарлап отырғандарға да мүмкіндік берілді”,— деп атап өтті білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоо-ға құжат тапсыру мерзімі 25 тамызға дейін болатын.

Айта кетейік, білім гранты иегерлерінің өтінімдері eGov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы қабылданып жатыр.

Ақылы негізде оқу үшін жоғары оқу орындарының виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Олардың тізімі ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз