Қыркүйекте Нұр-Сұлтан – Лондон әуе рейсі қайта жанданады

0
144
Air Astana ұшағы.

18 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтаннан Лондонға Airbus A321LR ұшағы сәрсенбі мен сенбі сайын тұрақты түрде қатынайды. Бұл туралы Air Astana компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Лондонға ұшу ұзақтығы 7 сағат 15 минут, кері рейс 6 сағат 30 минутқа созылады.

Әуе билеттерін airastana.com сайты арқылы және сату кеңселерінде, ақпарат және брондау орталығында, сондай-ақ әуекомпания мен Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы аккредиттеген агенттіктерде брондауға болады.

Билет құны барлық алымды есептегенде екі жаққа 284 535 теңгеден басталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз