Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Демалыс 4 қаңтардан басталған. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Мирзиёев демалысын Өзбекстан аумағында өткізбек.
Шавкат Мирзиёев соңғы рет демалысқа 2019 жылдың тамыз айында шыққан.