Өзбекстанда 10 мың қадамнан артық жаяу жүргендерге ақы төленеді

0
156
Photo: centralasia.media

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің жаңа бұйрығы бойынша күніне 10 мың қадамнан артық жаяу жүрген ел азаматтарына 3 мың сом (123,86 теңге) ақы төленеді. 

Жасы 18-де немесе одан жоғары азаматтар тәулік ішінде 10 мың және одан да көп қадам жүрсе электронды шотына 3000 сом түседі. Осы ережеге сай қала бойынша айда ең көп жаяу жүрген адам 300 мың сом, өңір бойынша ең көп қадам жасаған адам 500 мың сом, ал республика деңгейінде ең жоғары көрсеткішке жеткен адам 1 миллион сомға ие болады.

Аталған “Салауатты өмір салты” платформасы 2021 жылдың 1 наурызына дейін дайындалады.

Бұл шараға қатысатындарға қаржы мемлекеттік бюджеттен бөлінетіні хабарланды.

Қазіргі уақытта бұл жобаның ережесі белгісіз. Сонымен қатар, қадамдардың қалай есептелетіні де нақты емес.

Жоба әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Кейбір азаматтар бюджет қаржысының заңсыз жұмсалуына алаңдаушылық білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз