Измир: Үйінді астында 65 сағат жатқан үш жасар қыз құтқарылды (видео)

0
154
Құлаған ғимараттан 65 сағаттан кейін құтқарылған қыз.

Түркияның Измир қаласында болған жер сілкінісінен 58 сағат өткеннен кейін 14 жасар қыз құтқарылды, табиғи апаттан 65 сағаттан соң құтқарушылар 3 жасар қызды үйіндінің астынан шығарды.

Жалпы 17 ғимарат бойынша жүріп жатқан құтқару жұмыстары 9 нысанда аяқталды. Қалған 8 ғимаратта іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта жер сілкінісінен 79 адамның ажал құшқаны белгілі. Апаттан 962 адам жарақат алған.

Түркияның батыс жағалауындағы 6,6 балдық жер сілкінісі 30 қазан күні болған. Апаттың эпицентрі Измирдегі Сеферихисар қаласы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз